HomeСіз білесіз бе?Тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірі қалай беріледі?

Тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірі қалай беріледі?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірі беріледі.

Есепке алу нөмірі – өндіріс объектісінің қызмет түрі мен реттік нөмірін қамтитын арнайы код.

Есепке алу нөмірінің құрылымы:
▪️ 1-символ – облыстың (немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды
▪️ 2-символ – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі
▪️ 3-символ – өндіріс объектісінің қызмет түрінің коды
▪️ 4-символ – өндіріс объектісінің реттік нөмірі

Мысалы:
C.01.O.210
🔹 01 – облыстың литерлік коды
🔹 01 – ауданның реттік нөмірі
🔹 O – өндіріс объектісінің қызмет түрі
🔹 210 – объектінің реттік нөмірі

Маңызды:
Есепке алу нөмірін аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшелері береді.
Нөмір өндіріс объектісі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болған жағдайда беріледі.

Егер ұсынылған құжаттарда қателер анықталса немесе объекті санитариялық талаптарға сәйкес келмесе, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдануы мүмкін.

Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Искаков Аскар

Ұқсас жазбалар