HomeСпортТүркістандық таеквондошылар Түркияда өткен халықаралық турнирде 5 медаль еншіледі

Түркістандық таеквондошылар Түркияда өткен халықаралық турнирде 5 медаль еншіледі

Түркістан облысының таеквондошылары Түркияда өткен халықаралық турнирде 5 медаль еншіледі, деп хабарлайды  Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Түркияның Анталья қаласында 26-29 наурыз күндері аралығында таеквондо WT спорт түрінен беделді «TURKEY OPEN G-1» халықаралық турнирі өтті. Дүбірлі додада Түркістан облысының жастар құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ел қожынына 5 медаль салды. Жалпы 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль түркістандық жастардың қанжығасына байланды.

Атап айтар болсақ, 42 келіде сынға түскен Шахризада Акрамова мен 59 келіде өнер көрсеткен Нұршуақ Нәлібай қос алтынды мойындарында жарқыратса, жалғыз күміс 68 келіде Балгерім Өтегенге бұйырды.  Ал, 46 келідеге Сұлу Абибулла мен 78 келідегі Бекбау Мұхаммедтіллә қола медальді қанағат тұтты.

Ұқсас жазбалар