Кентау қаласында биыл 33 аулада абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Кентау қаласында аулаларды абаттандыру жұмыстары басталды. Жалпы қала аумағында көпқабатты тұрғын үйлерге қарасты 67 аула бар. Биыл соның 33 ауласында абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.
Бірінші кезең аясында 10 ауланы жаңғырту жоспарланған. Жоба шеңберінде аулаішілік жолдарды жөндеу, балалар ойын алаңшаларын және спорттық алаңдарды орнату, заманауи жарықтандыру жүйелерін жүргізу, сондай-ақ тұрғындардың демалуына қолайлы орындықтар орналастыру қарастырылған.

