Түркістан қаласында көктемгі абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Түркістан қаласында көктемгі абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары атқарылуда. Аталған жұмыстар аясында туристік нысандар мен тұрғын үй аулалары қоқыстан тазарып, көшелер мен жол жиектері ретке келтірілуде. Сонымен қатар, көгалдарды күтіп ұстау, гүлзарлар мен жасыл аймақтарды қалпына келтіру шаралары кезең-кезеңімен іске асырылуда. Бұдан бөлек, қала аумағындағы сынған немесе бүлінген инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру, орындықтар мен жарықшамдарды жөндеу, балалар және спорт алаңдарын ретке келтіру жұмыстары да қатар жүргізілуде.
Наурыз мейрамы қарсаңында қалаға келушілер санының артуы ескеріліп, туристік және тарихи-мәдени нысандардың санитарлық жағдайы мен абаттандырылуы тұрақты бақылауға алынған. Қоғамдық орындарда тазалық сақтау, қызмет көрсету сапасын арттыру және қала келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар атқарылуда.

