HomeМәдениетСауранда «Руханият алаңы» медиа студиясы ашылды

Сауранда «Руханият алаңы» медиа студиясы ашылды

Сауран ауданында «Руханият алаңы» медиа студиясы ашылды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Руханият және талдау орталығы» КММ жанынан «Руханият алаңы» медиа студиясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Руханият алаңы» алдағы уақытта ұлттық құндылықтарды насихаттайтын, ел бірлігін дәріптейтін, сондай-ақ, Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын кеңінен көрсететін сапалы әрі мазмұнды медиа жобаларды жүзеге асыратын бірегей алаң болмақ. Онда сүбелі сұхбаттар, танымдық бағдарламалар, пікірталас алаңдары мен рухани-мәдени бағыттағы хабарлар дайындалып, көпшілікке ұсынылады деп күтілуде.

 

Салтанатты іс-шараға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев,  «АMANAT» партиясының Сауран аудандық филиалының атқарушы төрағасы Сағынбек Асылбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердалы Баймұратов, Түркістан облысының бас биі Таубай Балтабайұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Қалеке, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Айгерім Дүйсенбекова, өңірдің зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.

Ұқсас жазбалар