HomeҚоғамТүркістанда референдум күні 16 сәби дүниеге келді

Түркістанда референдум күні 16 сәби дүниеге келді

Түркістанда референдум күні 16 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласында референдум күні қуанышты жаңалықтар көп болды. Соның бірі – қаладағы медициналық мекемелерде түнгі сағат 00:00-ден 18:00-ге дейін 16 сәбидің дүниеге келгендіге.

 

Дәрігерлердің мәліметінше, дүниеге келген сәбилердің 9-ы ұл, 7-еуі қыз. Ана мен балалардың жағдайы жақсы, барлығы дәрігерлердің бақылауында.

 

Айта кетейік, ел өміріндегі маңызды күнмен тұспа-тұс келген бұл қуанышты оқиға жаңа өмірдің басталуымен ерекшеленіп отыр.

Ұқсас жазбалар