HomeҚоғамТүркістан облысы бос жұмыс орындарын ұсыну көш бастап тұр

Түркістан облысы бос жұмыс орындарын ұсыну көш бастап тұр

Түркістан облысы бос жұмыс орындарын ұсыну бойынша көшбасшылар қатарында, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

2026 жылғы ақпан айында жұмыс берушілер Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында шамамен 99 мың бос жұмыс орнын жариялады, ал жұмыс іздеушілер 124,9 мың түйіндеме орналастырды.

 

Қаңтар айымен салыстырғанда:

бос жұмыс орындарының саны 3,7%-ға азайды

түйіндемелер саны 23,1%-ға қысқарды

 

Жұмыс күшіне сұраныс негізінен әлеуметтік сала мен қызмет көрсету секторында сақталуда:

  • білім беру – 26,9 мың бос жұмыс орны;
  • өзге де қызметтер – 14,6 мың;
  • денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 9,4 мың;
  • өңдеу өнеркәсібі – 8,6 мың.

 

Қандай мамандарға сұраныс жоғары?

Бос жұмыс орындарының біліктілік құрылымы:

  • 44,2% – орта біліктілікті;
  • 34,4% – жоғары білікті мамандар;
  • 21,4% – біліктілігі жоқ.

 

Өңірлер бойынша бос жұмыс орындары қай жерлерде көп?

Павлодар облысы – 8,1 мың;

Астана қаласы – 7,8 мың;

Түркістан облысы – 7,4 мың;

Қарағанды облысы – 6,6 мың;

Алматы қаласы – 6,3 мың.

 

Жұмыс іздеуде қай өңір тұрғындары белсенді?

Ең көп түйіндеме жариялағандар:

  • Түркістан облысының тұрғындары – 16,8 мың;
  • Астана қаласының тұрғындары – 10,2 мың;
  • Алматы облысының тұрғындары – 9,5 мың;
  • Алматы қаласының тұрғындары – 9,2 мың.

Жұмыс іздеушілердің ең белсенді санаты – 35 жасқа дейінгі жастар (42,3%).

 

Жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары жалақы:

мұнай-газ кен орындарын игеру жөніндегі инженер-әзірлеуші – шамамен 3,6 млн теңге;

құрылыс саласындағы жобаның бас технологы – шамамен 2,8 млн теңге;

материалтану жөніндегі техник – шамамен 2,2 млн теңге.

 

Ең жоғары жалақы күтетін жұмыс іздеушілер:

ұшқыштар – шамамен 3,3 млн теңге;

инвестициялық жобалар жөніндегі директорлар – шамамен 2,1 млн теңге;

оқу курстарын әзірлеушілер – шамамен 2 млн теңге.

 

Жалпы алғанда, ақпан айында еңбек нарығындағы белсенділік жыл басымен салыстырғанда аздап төмендеді. Сонымен қатар сұраныс құрылымы тұрақты болып отыр – жұмыс берушілер бұрынғыдай әлеуметтік сала, қызмет көрсету және жұмысшы мамандықтарының мамандарына мұқтаж.

Ұқсас жазбалар