HomeЖаңалықПремьер-министр құрылыс қарқынын сақтап, сапаны бақылауда ЖИ жобаларын жеделдетуді тапсырды

Премьер-министр құрылыс қарқынын сақтап, сапаны бақылауда ЖИ жобаларын жеделдетуді тапсырды

QULAGER.KZ. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкіметінің отырысында тұрғын үй құрылысын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Жиында құрылыс саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов, сондай-ақ Түркістан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

 

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал ететін, ең бастысы, елге пайдасы тиетін нақты нәтижеге қол жеткізу басты мақсат болуға тиіс екенін атап өтті. Бұл міндетті іске асыруға құрылыс секторы тың серпін беретіні анық. Өткен жылы салада 16% деңгейінде өсім сақталды. 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 185 мың отбасы баспана жағдайын жақсартты. Биыл да құрылыс қарқынын сақтай отырып, тұрғын үйді қолжетімді ету бағытында жұмысты жалғастыру керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

 

Үкімет азаматтар үшін мемлекеттік қолдау құралдарын алуды оңайлатуға мүмкіндік беретін шаралар кешенін қабылдады. Атап айтқанда, тұрғын үй саясатында негізгі рөл атқаратын Отбасы банкі ұлттық даму институты мәртебесіне ие болды. Тізімдерді цифрлық форматқа көшіру адам факторын барынша азайтып, тұрғын үйді есепке алу мен бөлу рәсімдерінің ашықтығын арттырды.

Ұқсас жазбалар