HomeЖаңалықАстықты терең өңдеу бағытында 6 инвестициялық жоба іске асырылады

Астықты терең өңдеу бағытында 6 инвестициялық жоба іске асырылады

Астықты терең өңдеу бағытында инвестиция көлемі 1,9 трлн теңгені құрайтын 6 ірі жоба жоспарланған, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Елімізде ауыл шаруашылығы саласындағы қайта өңдеудің негізгі бағыттары ретінде астық, май-тоңмай, ет және сүт салалары қалып отыр. Қазір майлы дақылдарды қайта өңдеумен жалпы қуаттылығы 5 млн тоннадан асатын шамамен 90 кәсіпорын айналысады. Соның арқасында Қазақстан өсімдік майы өндірісін едәуір арттырды. 2025 жылы оның көлемі 890 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 17,4%-ға өсті. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

 

Астықты қайта өңдеу саласында жыл сайын 5 млн тоннадан астам астық өңделеді. Сонымен қатар астықты терең өңдеу бағыты дамуда.

 

«Елде қуаттылығы 500 мың тоннадан асатын 3 кәсіпорын жұмыс істейді, олар крахмал, глютен, сірне және биоэтанол өндіреді. 2025 жылы 29 мың тонна жүгері крахмалы, 28 мың тонна бидай крахмалы, 13 мың тонна глютен, 82 мың тонна сірне және 21 мың тонна биоэтанол өндірілді. Етті қайта өңдеу саласында бүгінде жалпы қуаттылығы 450 мың тоннаға жуық 210 кәсіпорын жұмыс істейді. Сүт өнеркәсібінде жалпы қуаттылығы шамамен 2,7 млн тонна болатын 180 қайта өңдеу кәсіпорны бар. Осы бағыттардағы өндірістік қуаттардың кеңеюі қайта өңделген өнім көлемін арттыруға және ауыл шаруашылығы шикізатын пайдалану тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді», – деді вице-министр.

 

Ұқсас жазбалар