HomeӘлемдеМемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен сөйлесті

QULAGER.KZ. Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

 

🇰🇿🇬🇪Грузия тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында өзара қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады.

 

Көлік-транзит, энергетика және туризм секілді бағыттарға басымдық бере отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейтудің жай-жапсарына айрықша назар аударылды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

 

Тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыруға келісті.

Ұқсас жазбалар