HomeUncategorizedЦифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады

QULAGER.KZ. Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру басталды. Бұл — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының бірі. Іс-шаралар жоспарын Премьер-Министр Олжас Бектенов бекітті, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Жоспар 8 бағыттан тұрады және 100 негізгі іс-шараны қамтиды. Онда аталмыш жылды ұйымдастырушылық сүйемелдеу, стратегиялық және нормативтік қамтамасыз ету, AI-SANA бастамасы аясында адами капиталды дамыту, мемлекеттік органдарды GovTech моделіне көшіру сияқты цифрлық экономиканың кең ауқымды міндеттері қамтылады. Сонымен қатар киберқауіпсіздікке, цифрлық инфрақұрылымға, салаларды цифрландыруға, қалалар мен өңірлерді кешенді дамытуға және жаңа экономиканы қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Жылдың ресми ашылуы наурыз айында Alem.AI алаңында өтеді.

Ұқсас жазбалар