«Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімшілік және ақпарат қауіпсіздігі бөлімінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың өкімімен, «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңы аясында ауысу тәртібімен Жанна Алимбаева «Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімшілік және ақпарат қауіпсіздігі бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Жанна Алимбаева 1986 жылы Арыс қаласында дүниеге келген. 2008 жылы — Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің қазақ тілі және әдебиеті мамандығын, 2021 жылы — Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Жұмыс өтілі:
01.07.2012 — 31.10.2014 “Тұран-Түркістан”
телеарнасы тілшісі
10.11.2014 — 10.03.2020 Кентау қаласы әкімі аппараты инспекторы,
10.03.2020 — 26.07.2020 бас маманының м.а., “Кентау қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі,
21.09.2020 — 17.06.2021 бас маман, “Кентау қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі,
18.06.2021-16.02.2026ж бас инспектор-баспасөз хатшы, “Кентау қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі,
17.02.2026 жылдан бастап “Кентау қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі, әкімшілік және ақпарат қауіпсіздігі бөлімшесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

