Ш.Қалдаяқов атындағы филармониясында бүгінге дейін жұмыс жасаған Скрипкашылар ансамблі ішекті-ыспалы аспаптармен толығып, Камералық оркестр атанып, филармонияның музыкалық ұжымдар қатарына жаңа ұжым болып қосылды. Жаңарған ұжым көрермен қауымды алғашқы «Жаңа дәуір-Жаңа әуен» атты жеке шығармашлық кешін өткізіп қуантты.
Скрипка, виолончель, контрабас аспаптарының әуезді әуенін, камералық оркестрдің кезекті жаңа бағыттағы концертін сағынған әуен сүйер көрермен әлемдік және отандық классикалық шығармаларды тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Филармонияның классикалық бағыттағы әншілері оркестрдің сүйемелдеуінде әлемдік классикалық туындылардан үзінді орындады. Жанды дауыс, оркестрдің әсерлі сүймелдеуі концерттің сәнін келтіріп, көрермен қауымның қошеметіне септік етті.
Концерт барысында әуел баста Скрипкашылар ансамблінің құрылуына септік еткен Борис Леонидович, Владимир Михайловичке алғыс хат ұсынып, кәде-сый тарту етілді.

