HomeҚоғамТүркістанда жауын-шашын салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістанда жауын-шашын салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан қаласында жауын-шашыннан кейінгі салдарды жою жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласында соңғы күндері толассыз жауған жауын-шашын салдарынан су жиналған аумақтарда шұғыл түрде тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда арнайы техникалардың көмегімен жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, кәріз жүйесі жүргізілген көшелерде орын алған кемшіліктерді қалпына келтіру, зақымданған жолдарды ретке келтіру және инженерлік желілердің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету шаралары күшейтілді.

 

Аталған жұмыстарға қала бойынша 41 бірлік арнайы техника және 100-ден астам сала мамандары жұмылдырылып, тәулік бойы үздіксіз еңбек етуде. Жұмыстар толық аяқталғанға дейін қатаң режимде жалғасатын болады.

Ұқсас жазбалар