HomeСпортОтырарда қазақ күресінен облыстық турнир басталды

Отырарда қазақ күресінен облыстық турнир басталды

Отырарда Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 155 жыл толуына орай қазақ күресінен облыстық турнир басталды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Отырар ауданында қазақтың даңқты балуаны, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 155 жыл толуына орай қазақ күресінен мектеп жасындағы ұлдар мен қыздар арасында облыстық ашық турнир басталды. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов пен спорт саласының ардагері Төрәділ Тұрабаевтар қатысып, жарысқа келген жас спортшыларға сәттілік тілеп, ел намысын қорғаған Қажымұқандай алып тұлғаның спорттағы ерлігі мен рухани мұрасына тоқталды.

 

Аталған турнирге Астана және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Қызылорда, Алматы, Жетісу облыстарынан келген барлығы 750 спортшы қатысуда. Жарыстың басты мақсаты — қазақ күресінің мәртебесін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жас спортшылардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Аталған облыстық турнир 2 күнге созылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы заттармен марапатталатын болады.

Ұқсас жазбалар