HomeСпортТүркістанда балалар мен жасөспірімдер арасындағы шахматтан ел чемпионаты мәресіне жетті

Түркістанда балалар мен жасөспірімдер арасындағы шахматтан ел чемпионаты мәресіне жетті

20–30 қаңтар күндері Түркістан қаласында өткен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасындағы шахматтан ел чемпионаты аяқталды. Елдің 20 аймағынан келген 1050-ге жуық жас шахматшы қатысқан басты дода ұлттық іріктеу жүйесінің шешуші кезеңі саналады. Дәл осы турнир қорытындысы бойынша 2026 жылғы халықаралық жарыстарға қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, ҚР шахмат федерациясының атқарушы директоры Гулмира Даулетова, ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Дастан Қапаев марапаттап, құрмет көрсетті.

Жалпы командалық есепте Астана қаласының құрамасы бас кубокты жеңіп алды. Елордалық шахматшылар бағдарламаның үш түрінен 16 алтын медаль жеңіп алды.

Ұқсас жазбалар