HomeТуризмҮкімет басшысы Туризмді дамыту тұжырымдамасын түзетуді тапсырды

Үкімет басшысы Туризмді дамыту тұжырымдамасын түзетуді тапсырды

QULAGER.KZ. Туризм саласында кадрлық мәселелерді шешу үшін қосымша шаралар қабылдау қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов  айтты, деп жазады KAZINFORM.

 

— Президент атап өткендей, туризм саласы экономиканың бірнеше секторын қамтиды. Сондықтан барлық тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жұмысын үйлестіру қажет. Бұл ретте әр өңірде туризмді дамыту бағдарламалары бар. Туризм және спорт министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге бір ай мерзімде нақты іс-шаралар жоспарын енгізе отырып, 2029 жылға дейінгі Туризмді дамыту тұжырымдамасын толықтырып, түзетуі қажет. Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, туризм саласында кадрлық мәселелерді шешу үшін қосымша шаралар қабылдасын, — деді Олжас Бектенов.

Ұқсас жазбалар