HomeЖаңалықҚасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты

QULAGER.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорда.

 

Президент жүрек соғысының бұзылуын жедел емдеуге маманданған медициналық мекемеге барды.

 

Өңірдегі бірегей орталық жүректі радиожиілік пен криоаблация тәсілдерімен емдейді.

 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа клиниканың кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек, соның ішінде жоғары технологиялық араласу арқылы дәрігерлік жәрдемнің толық спектрін көрсете алатыны жөнінде баяндалды.

 

Мекеме бір ауысымда 150 адамға дейін қабылдай алады. Сондай-ақ 47 орындық стационар бар.

 

Орталыққа құйылған жалпы инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңгені құрады.

Ұқсас жазбалар