QULAGER.KZ. Шымкент қаласындағы Түркістан сарайында 80-90 жылдары танымалдығы артқан ретро, хит әуендер шырқалған кеш өтті. Әйгілі әндерді «Жұбановтар әуені» байқауының жеңімпазы атанған Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Сүгір» атындағы қазақ-ұлт аспаптар оркестрі сүйемелдеді.
Әйгілі Досмұқасан, ABBA, Modern Talking, В.Цой, Ю.Шатунов сынды отандық және әлемдік танымал әртістер мен топтардың әндерін, әлемге танымал кинофильмдердің саундтрегтерін филармония әншілері орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Ұлттық аспаптың дәрежесін көтерген концерттік жоба өнерсүйер қауымның өтінішімен келер жылы да жалғасын таппақ.

