Отырарда халықтық театрлары арасында облыстық байқау басталды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Отырар ауданында «Театр – өмір айнасы» атты облыстық халықтық театрлар байқауы басталды. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, сатирик Көпен Әмірбектің туғанына 75 жыл толуына орай байқаудың ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов және сатириктің бауыры Мырзабек Әмірбекұлы қатысып, құттықтау лебіздерін жеткізді.
Байқауға Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрының директоры Арман Әлиев, театр актеры Шәкен Амантұров, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Асылхан Темірхан қазылық етті. Екі күнге созылатын байқау барысында 15 қойылым көпшілік назарына ұсынылып, аудан-қалалардан келген 15 халықтық театрлар өзара бақ сынайтын болады.

