Түркістандық футболшы Еуропа чемпиондар лигасында гол салды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Еуропа чемпиондар лигасының бесінші туры аясында Данияның “Копенгаген” командасы өз алаңында алматылық “Қайратты” қабылдады. Ойынның 26-минутында Дадасон, 59-минутта Ларссон, 73-минутта Роберт гол соғып, есепті 3:0-ге жеткізген болатын.Матч соңында “Қайрат” командасы қарқын алып, 81-минутта Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбек 90-минутта гол салып, есепті қысқартты.
Айта кетсек, соңғы голдың авторы Олжас Байбек 2005 жылы 11 ақпанда Шардара қаласында дүниеге келген. Жастайынан футболға қызығып, футбол мамандарының назарына ілініп, Алматы қаласындағы “Қайрат” футбол Академиясына қабылданған. Футболдағы мансабын 2022 жылы Бірінші лигада өнер көрсететін «Қайрат-Жастар» клубының құрамында бастады.
2024 жылдың 19 қазанында Түркістанның «Тұран» клубына қарсы өткен матчта Қазақстан Премьер-лигасында ойнаса, 2024 жылдың 8 маусымында Грузияның 21 жасқа дейінгі құрамасына қарсы өткен матчта Қазақстанның U-21 жасөспірімдер құрамасы сапында үздік ойын өрнегін көрсетті. Айта кетейік, бүгінде Олжас Байбек «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы және Қазақстанның жастар құрамасының мүшесі.

