HomeМәдениетТүркістанда Сайлаухан Жолановтың тұңғыш жыр жинағының тұсаукесері өтті

Түркістанда Сайлаухан Жолановтың тұңғыш жыр жинағының тұсаукесері өтті

Түркістанда ақын Сайлаухан Жолановтың тұңғыш жыр жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Түнгі кітапхана» жобасының қорытынды кеші өтті.  Шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Әмірбекұлы, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Серікұлы сөз сөйлеп, жобаның маңыздылығына тоқталды.

 

Сонымен қатар, жиынға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Түріксой» жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Фолиант» баспасы президентінің кеңесшісі, ақын Дәулеткерей Кәпұлы, «Түріксой» ұйымының бас хатшысы, жазушы Сұлтан Раев, ақын, жазушы, драматург, айтыс ақыны, жыршы, жырау, манасшы Баянғали Әлімжанов, «Фолиант» баспасының президенті Нұрлан Исабеков, Қазақстанның құрметті журналисі Роза Нарымбетова, журналист Ғалымжан Елшібай,  сазгер, ұстаз Бекжігіт Сердәлі және өзге зиялы қауым өкілдері қатысты.

 

Шарада ақын Сайлаухан Жолановтың «Шағала шабыт – теңіз жыр» атты жаңа жыр жинағының тұсаукесері өтті. Қазақстан Жазушылар Одағының Түркістан облысындағы өкілі, ақын Айдар Сейдазым модераторлық етіп, ақынның шығармашылығы мен өмір жолын баяндады. Жиынға қатысқан әдебиетсүйер қауым қаламгерге ыстық лебізін білдірді.

 

«Түнгі кітапхана» —оқырман мен қаламгерді тоғыстыратын ерекше рухани көпір. Сәтті жоба алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Ұқсас жазбалар