HomeЖаңалықҚасым-Жомарт Тоқаевтың іссапарлары белгілі болды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың іссапарлары белгілі болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарашада маңызды жиындар мен кездесулерге қатысады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

14 қараша күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысады.

Жиын барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.

 

14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады.

Мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

 

16 қарашада Президент Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады.

 

17-19 қараша күндері Астанаға Эстония Президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келеді.

Ақордада мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылайды.

Ұқсас жазбалар