Төлеби ауданында жастар арасында облыстық «Көшпенділер ойыны» өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Түркістан облысының таулы өңірі — Төлеби ауданында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Көшпенділер ойыны» өтті.
Іс-шара Бірінші Мамыр ауылындағы «Төлеби» спорт клубында бесінші рет ұйымдастырылды.
Бұл ойындарда жастар қазақ халқының дәстүрлі спорт түрлері — садақ ату, асық ату, қазақ күресі, көкпар жекпе-жегі, аударыспақ, мас-рестлинг және арқан тартыс бойынша сынға түсті. 14 пен 35 жас аралығындағы жастарды қамтыған жарысқа облыс көлеміндегі 10 командадан жалпы 150-ге жуық қатысушы бақ сынады.
Жарыс қорытындысы:
І орын – Қазығұрт ауданы (500 000 тг)
ІІ орын – Төлеби ауданы (300 000 тг)
ІІІ орын – Арыс ауданы (200 000 тг)
«Ерекше киім үлгісі» – Келес ауданы (50 000 тг)
«Үздік ұжым» – Бәйдібек ауданы (50 000 тг)
«Үздік атбегі» – Сарыағаш ауданы (50 000 тг)
Барлық қатысушы командаларға 50 000 теңгеден ақшалай сыйлық, кубок және дипломдар табысталды.
Марапаттау рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев пен аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров сөз сөйлеп, «Көшпенділер ойынының» ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастардың спортқа қызығушылығын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.

