HomeNOMADТүркістанда асық атудан Азия чемпионаты басталды

Түркістанда асық атудан Азия чемпионаты басталды

Түркістанда асық атудан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласында, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде асық ату бойынша Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

 

Бұл жарыс ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры мен «Спорт Қоры» демеушілігімен ұйымдастырылуда. Чемпионатты өткізуге университет ұжымы үлкен үлес қосып отыр.

 

Чемпионаттың мақсаты – дәстүрлі ұлттық спорт түрлерін дамыту, жастар арасында асық ату ойынын кеңінен насихаттау және оның халықаралық беделін арттыру.

 

Ұқсас жазбалар