HomeҚоғамДЕПУТАТТАР ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

ДЕПУТАТТАР ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облыстық мәслихатының алдағы өтетін кезекті сессиясында Түркістан облысы полиция департаментінің өңірде қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалады. Осыған орай аталған мәселені зерттеу және дайындау бойынша уақытша депутаттық комиссия құрылды. Коммисия төрағасы – облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимов.

Түркістан облысы мәслихатының депутаттары ішкі істер саласындағы материалдық-техникалық базаның жағдайымен танысу мақсатында іссапармен Шымкент қаласы мен Сарыағаш ауданына барды.

Іссапар барысында халық қалаулылары алдымен Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ ғимаратында болды. Депутаттарға департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен қызметтік нысандары таныстырылды. Шымкент қаласында орналасқан ғимарат 1982 жылы салынған. Нысан биыл ағымдағы жөндеуден өткізілген.

Сапар одан әрі Сарыағаш ауданының Жібек жолы елді мекенінде жалғасып, мұнда халыққа қызмет көрсететін жаңа полиция бөлімшесінің жұмысы таныстырылды.

Сондай-ақ, депутаттар Сарыағаш аудандық полиция басқармасына қарасты Жедел басқару орталығының жұмысымен де танысты.

Ұқсас жазбалар