HomeҚоғамТүркістан облысында «Халық заңгері» акциясы өтіп жатыр

Түркістан облысында «Халық заңгері» акциясы өтіп жатыр

Түркістан облысында азаматтарға тегін құқықтық кеңес беретін «Халық заңгері» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Бүгінде Түркістан облысының барлық қала және аудандарында «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізілуде. Акция аясында ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, заңгерлер мен адвокаттар тұрғындарды қабылдап, құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Шара — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесу және азаматтарға тегін заң көмегін ұсынуға бағытталған. Кеңес беру жұмыстарына прокурорлар, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылар, полиция қызметкерлері, әкімдік пен Әділет органдарының өкілдері және өзге де мамандар қатысуда.

 

Жүздесуде тұрғындар өздерін толғандырған түрлі құқықтық мәселелер бойынша нақты жауаптар алып, заңдық тұрғыда дұрыс бағыт алу мүмкіндігіне ие болады. Акция аясында заң саласының мамандары азаматтардың әлеуметтік, тұрғын үй, еңбек, отбасылық және жер қатынастарына қатысты сұрақтарына жауап беріп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Айта кетейік, 2016–2025 жылдар аралығында бұл жобаға 10 мыңнан астам білікті сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, 400 мыңнан астам азаматқа құқықтық көмек көрсеткен.

Ұқсас жазбалар