QULAGER.KZ. Аймақта итбалықтардың жаппай қырылуы қайта басталды. Кеше 3 қарашада Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары балық инспекциясы басқармасымен бірлесіп, Түпқараған ауданындағы жағалаудан 112 Каспий итбалығынның өлексесін тапты, деп жазады KAZINFORM.
Экологтардың хабарлауынша, мамандар Түпқараған ауданы Форт-Шевченко, Баутино елді мекендерінің теңіз жағалауынан су сынамаларын алу жұмыстарын жүргізген.
— Сонымен қатар, облыстық балық инспекциясы басқармасымен бірлесіп, Асан елді мекенінен Баутино мүйісіне дейінгі Түпқараған ауданының жағалау сызығын мониторингтеу барысында, 112 бас Каспий итбалығының өлекселері анықталды. Оның ішінде, Асан елді мекенінен Форт-Шевченко қаласының жағажайына дейін – 39 бас, Форт-Шевченко қаласының жағажайынан Баутино мүйісіне дейін – 73 бас, — делінген хабарламада.

