HomeЖаңалық2026 жылдан бастап тиімсіз дақылдар алқабын қысқарту жұмысы күшейтіледі

2026 жылдан бастап тиімсіз дақылдар алқабын қысқарту жұмысы күшейтіледі

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында егіс алқаптарын әртараптандыру саясаты күшейетінін мәлім етті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

— Егіс алқаптарын әртараптандыру бағдарламасы жалғасатын болады. Басымдық жоғары рентабельді және экспортқа бағытталған дақылдарға беріледі, ал суды көп қажет ететін дақылдар көлемі қысқарады. Келесі жылдан бастап әртараптандыру көрсеткіштерін орындауға бақылау күшейтіледі. Сондықтан өңірлер қазірден бастап түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, егіс құрылымын алдын ала пысықтауы тиіс, — деді министр.

 

Ведомство басшысы елдегі астық сақтау сыйымдылығы 30,7 млн тоннаға тең екенін айтады.

 

— Оның ішінде лицензияланған кәсіпорындарда – 13,3 млн тонна, шаруаларда – 17,4 млн тонна. Элеваторларға 7,7 млн тонна биылғы астық тапсырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Сақтауға тапсырылған жұмсақ бидайдың 53%-ы жоғары сапалы, 35%-ы – төртінші сынып, 12%-ы – төменгі сынып және сыныпсыз астық, — деді Айдарбаек Сапаров.

Ұқсас жазбалар