HomeҚоғамТүркістандық депутат тұрғындардың өтінішін тыңдады

Түркістандық депутат тұрғындардың өтінішін тыңдады

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұржан Сейтжанов азаматтардың арыз-өтініштері бойынша қабылдау өткізді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

              

Отырар ауданы «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұржан Сейтжанов азаматтардың арыз-өтініштері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға арнайы ауданға қарасты елді мекеннің азаматтары алдын ала жазылып қатысты.

Соның бірі Отырар ауданы,Қызылту елді мекенінің тұрғыны Салмаш Лаура есімді азаматша келді. Тұрғын синдром дауна дертіне шалдыққан ұлын емдеу үшін материалдық көмек сұрады. Қабылдауда бұл диагноз бойынша орталық аурухана есебінен жылына бір рет оңалту орнына жіберуге мүмкіндік бар екенін айтып, қажетті құжаттарды жинақтап өтініш беру қажет екені түсіндірілді.

Сонымен қатар, ұсыныс-сұрағын арқалап келген келесі бір тұрғын жұмыссыздық мәселесін көтерді. Айтуынша, тұрақты жұмысқа орналаса алмай жүр екен. Нәтижесінде депутат ауданға қарасты мектепке киім ілетін орынға  6-айлық маусымдық жұмысқа орналасуға ықпал етті. Шытты елді мекенінен келген азамат кіші кәсіпкер ретінде наубайхана жұмысын кеңейту мақсатында қаржылай көмек беруді сұрады. Бұл туралы аудандық кәсіпкерлік бөлім тарапынан кәсіпкерлерге көмек беру тәртібі туралы толық кеңес айтып түсіндірді.

Ұқсас жазбалар