HomeСпортТүркістандық жасөспірімдер Азия ойындарында жеңіске жетті

Түркістандық жасөспірімдер Азия ойындарында жеңіске жетті

Бахрейннің Манама қаласында бокстан өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

               

26-30 қазан күндері Бахрейннің Манама қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өтті. Құрлықтың үздік былғары қолғап шеберлері сынға түскен дүбірлі додада Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен түркістандық жас боксшылар тамаша нәтиже көрсетті.

 

50 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Нұрмахан Жұмағали барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, Азия чемпионы атанды. Бұл жеңіс оның халықаралық деңгейдегі алғашқы ірі жетістігі болып саналады.

 

Ал 46 келі салмақта бақ сынаған Арман Мырсабит финалға дейін сәтті жетті.  Финалда жақсы өнер көрсеткенімен,  төрешілердік шешімімен күміс жүлдеге қол жеткізді.

 

Осылайша ел намысын қорғаған жерлестеріміз Манама төрінде бір алтын, бір күміс медаль олжалап, құрлықтық додада жоғары нәтиже көрсетті.

 

Айта кетейік, қос жүлдегер де Түркістан облыстық №2 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары.

Ұқсас жазбалар