QULAGER.KZ. Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездесті, деп хабарлайды 24kz.
Қытай Халық республикасының төрағасы Пусанға Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитіне қатысу үшін барды. Бұл — екі ел көшбасшысының кейінгі алты жылдағы алғашқы кездесуі.
Қазір Америка және Қытай делегациялары екі елдің сауда-саттық мәселелерін талқылап жатыр. Бұған дейін Дональд Трамп Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мёнмен кездескен еді. Тараптар ақыры сауда келісімін жасасты. Нәтижесінде Оңтүстік Корея АҚШ-қа 350 млрд доллар көлемінде инвестиция құятын болды. 200 млрд доллар қолма-қол берілсе, 150 млрд доллар кеме жасау саласындағы келісім аясында төленеді.

