«Түркістан мақамдары» республикалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Түркістан облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында Республикалық «Түркістан мақамдары» дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты — ұлттық тәрбиені, халықтық өнер мен тіл мәдениетін насихаттау, ұлттық дәстүрді дәріптеу, сондай-ақ өскелең ұрпаққа рухани құндылықтарды сіңіріп, оңтүстік өңірінің дәстүрлі ән-терме мектебін жаңғырту.
Жарысқа еліміздің әр аймағынан келген дәстүрлі әншілер мен термешілер өздерінің орындаушылық шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар байқау талаптарына сәйкес оңтүстік өңірінің дәстүрлі әндері мен халық композиторларының шығармаларын орындады. Байқау қорытындысымен бас жүлдені Мадияр Өмірғалы жеңіп алса, І орынды Абугали Ибраев иемденді. Ал, ІІ орын Арайлым Жанатова мен Жұлдызай Тұрғанбекке бұйырды. Содай-ақ, үшінші орынды Айдос Оңғарбай, Аяжан Ақиева және Гүлбағым Қайыржанова еншіледі. Жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы жүлделер мен дипломдар табысталды.

