HomeҚоғамКентауда жылу беру маусымы басталды

Кентауда жылу беру маусымы басталды

Кентау қаласында жылу беру маусымы басталды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Кентау қаласында 2024–2025 жылдарға арналған қазандықтарды қайта құру және жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Қаланың жылу орталықтарына автоматтандырылған басқару жүйесі орнатылды.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов №5 Жылу энергия орталығында болып, жылыту маусымының алғашқы жұмыс барысын бақылады.

 

Бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 44,8 шақырымды құрайтын ішкі орам жылу желілерін жаңғырту жұмыстары толық аяқталған. Аталған орталыққа қосылған 14 мыңға жуық абонент бар. Оның ішінде, бюджеттік мекемелер саны – 108, жеке секторлы тұрғын үйлер саны – 2 295, көпқабатты тұрғын үйлер саны – 347, коммерциялық нысандар саны – 441.

Ұқсас жазбалар