HomeҚоғамҮш жылдық бюджет қабылданды – Үкімет негізгі шығындарды жариялады

Үш жылдық бюджет қабылданды – Үкімет негізгі шығындарды жариялады

QULAGER.KZ. Мәжіліс депутаттары үкімет ұсынған үш жылдық бюджетті қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

 

2026 жылы республикалық бюджетте қарастырылған негізгі шығыстар:

 

халықты әлеуметтік қорғауға – 6,8 трлн теңге;

 

денсаулық сақтау саласына – 2,7 трлн теңге;

 

Білім және ғылым саласына – 902 млрд теңге;

 

мәдениет, туризм және спортты дамытуға – 263,5 млрд теңге;

 

экономиканың өсіміне әсер ететін шығындар – 1,2 трлн теңге;

 

өңірлерді дамытуға – 300 млрд теңге;

 

әкімдіктердің дербестігін арттыру мақсатында өңірлерге трансферттер арқылы 5,1 трлн теңге;

 

күштік құрылымдарды қаржыландыруға – 3 трлн теңге.

 

Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, бюджет әлеуметтік бағдарланған болып қала береді.

 

«2026 жылы 10,7 трлн теңге бөлу жоспарлануда, оның ішінде 6,8 трлн теңге – әлеуметтік төлемдерге, ал 3,9 трлн теңге – адами капиталға салынатын инвестицияларға қарастырылған», — деді Такиев.

 

Келесі жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,5 процент деңгейінде, ал 2028 жылға қарай ол 0,9%-ға дейін төмендейді деген болжам бар.

Ұқсас жазбалар