HomeҚоғамҚазақстанда 26,3 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанда 26,3 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанда 26,3 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 97,9%-ы жиналды. Нәтижесінде 26,3 млн тонна астық бастырылды.

 

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3 млн тонна майлы дақыл, гектарына 225,3 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна картоп және гектарына 305,1 центнер өнімділікпен 3,9 млн тонна көкөніс жинады.

 

Атап айтқанда, 331,7 ц/га өнімділікпен 492,4 мың тонна қырыққабат, 430 ц/га өнімділікпен 1047,7 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,4 ц/га өнімділікпен 380,7 мың тонна сәбіз жиналды. Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

Ұқсас жазбалар