HomeӘлемдеДубайдан Гонконгқа ұшқан жүк ұшағы теңізге құлады

Дубайдан Гонконгқа ұшқан жүк ұшағы теңізге құлады

QULAGER.KZ. Гонконг халықаралық әуежайында Boeing 747 жүк ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, жердегі техникалық қызмет көлігімен соқтығысып, кейін теңізге құлаған, деп жазады ernur.kz.

 

Оқиға салдарынан көлікте болған екі қызметкер қаза тапты: олардың бірі судан табылса, екіншісі ауруханада көз жұмған.

 

Жүк ұшағы Emirates әуе компаниясының EK9788 рейсін орындаған, бағыты Дубай – Гонконг. Ұшақ экипажының мүшелері зардап шекпеген.

 

Азаматтық авиация департаменті оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.

 

Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, 12 жүк рейсінің ұшатын уақыты кейінге шегерілген.

 

Ұшақ шығып кеткен солтүстік ұшу-қону жолағы уақытша жабылды, ал орталық және оңтүстік жолақтар әдеттегі режимде жұмыс істеп тұр.

Ұқсас жазбалар