фото: Oxu.az
QULAGER.KZ. Пәкістан армиясы бақылау-өткізу бекеттеріне жасалған шабуылға жауап ретінде Ауғанстандағы лаңкестердің позицияларына соққы берді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, 14 қазан күні кешке «Талибан» қозғалысының күштері мен «Фитна әл-Хаваридж» («Пәкістандағы тәліптер қозғалысы») содырлары Пәкістанның шекара бекеттеріне себепсіз оқ жаудырған.
Пәкістан армиясының жауап қайтару әрекеті кезінде бір бақылау-өткізу пункті мен танк ату бекінісі жойылды. Қақтығыс кезінде «Фитна әл-Хаваридж» тобының жоғары шенді қолбасшысы да қаза тапқаны хабарланды.

