HomeЖаңалықМемлекет басшысының жарлықтарымен бірнеше тағайындау орын алды

Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірнеше тағайындау орын алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен бірнеше тағайындау орын алды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

 

Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

 

Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;

 

Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Ұқсас жазбалар