HomeСпортТүркістандық «TURAN TIGERS» командасы жастар чемпионатын жеңіспен бастады

Түркістандық «TURAN TIGERS» командасы жастар чемпионатын жеңіспен бастады

Түркістанның «TURAN TIGERS» хоккей командасы жастар чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Қазақстанның хоккей федерациясының «Jastar Hokei Ligasy» додасы басталды. Бұл сынға 20 жасқа дейінгі хоккейшілер бақ сынап жүр. Дүбірлі сынға Түркістан облысынан тұңғыш рет команда жасақталып, Түркістандағы «Мұз сарайында» алғашқы ресми матч өткізілді.

 

Түркістанның «TURAN TIGERS» клубы Рудныйдың «GORNYAK» командасын қабылдады. Алғашқы матчта түркістандықтар 5:3 есебімен жеңді. Сонымен бірге екінші кездесуде де мұз айдының иелері 8:3 есебімен айқын басым болды. Осылайша, «TURAN TIGERS» екі турдан кейін 4 ұпай еншілеп, үздіктер қатарына қосылды.

 

22 қыркүйекте тартысты ойында 8:3 нәтижесімен тағы да басым түсті!

25-26 қыркүйек күндері «TURAN TIGERS» өз мұз айдынында «Qarmet» (Қарағанды) командасымен күш сынасады.

 

Айта кетейік, биылғы чемпионатқа «Астана», «Барыс», «Тұран Тайгерс», «Кармет», «Жас Батыр», «Арлан», «Ақтөбе», «Горняк», «Құлагер», «Алматы», «Мұнайшы», «Торпедо» және «Сұңқар» командалары қатысуда.

 

Ұқсас жазбалар