Түркістан қаласында жаңа қолөнершілер қалашығы өз есігін айқара ашады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
26 қыркүйек күні Түркістанда халықаралық «ТҮРКІСТАН – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ» фестивалі өтеді.
Фестиваль аясында:
- Қолөнер бұйымдарының көрмелері
- Шеберлік сабақтары
- Ұлттық киімдер мен бұйымдардың жәрмеңкесі
- Мәдени-танымдық бағдарламалар
- Алғаш рет өтетін ауқымды FASHION SHOW
Түркия, Моңғолия, Вьетнам, Қытай, Ресей Федерациясы, Татарстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдері мен Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген қолөнершілер қатысады.
Өтетін орны: Түркістан қаласы, Қолөнершілер қалашығы (Керуен сарай кешені жанында)
Күні: 26 қыркүйек
Уақыты: қалашық ашылуы 10:00
Уақыты: форум басталуы 12:00

