HomeЖаңалықҚасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронмен екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады.

 

Мемлекет басшысы Франция еліміздің Еуропа Одағындағы басты әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті.

 

Президенттер осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар түрлі салада, соның ішінде энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау бағыттарында айтарлықтай табысты іске асырылып жатқанына тоқталды.

 

Мәдени-гуманитарлық байланыстар жемісті дамып келеді.

 

Қазақстан мен Франция президенттері өзекті геосаяси мәселелер жөнінде пікір алмасты.

 

Ұқсас жазбалар