Түркістанда халықаралық деңгейдегі жаңа білім ордасы – Woosong University Kazakhstan есігін айқара ашады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Мемлекет басшысының цифрландыруға бағытталған Жолдауымен үндес бұл бастама жаңа дәуірдің бастауы болмақ.
Алғашқы жылы – 400-ге жуық студент қабылданады. Оның ішінде 100 студентке грант беріледі. Заманауи стандарттарға сай оқу ордасында шетелдік профессорлар жұмыс істейді. Университет 2000-ға дейін студент қабылдауды жоспарлап отыр.
Ресми ашылу салтанаты – 2025 жылдың 25 қыркүйегінде өтеді.

