HomeҚоғамАлматы – Орталық Азиядағы ең қымбат қала

Алматы – Орталық Азиядағы ең қымбат қала

QULAGER.KZ. Алматы Орталық Азиядағы ең қымбат қала болып тіркелді, деп жазады ernur.kz.

 

Маусым айында портал әлем қалаларындағы өмір сүру құнына қатысты деректерін жаңартты. Бағалауда азық-түлік, көлік, коммуналдық қызметтер және басқа да негізгі қажеттіліктердің құны ескерілген.

 

Жазда ең қымбат қалалар көшін былайша түйіндеді:

Цюрих – 112,5 балл;

Женева – 111,4 балл;

Базель – 110,7 балл.

 

Қазақстан қалалары тізімнің төменгі бөлігінде тұр. Алматы – 29,4 балл, Астана – 26,5 балл жинаған.

САЛЫСТЫРУ

— Салыстырмалы түрде айтсақ, Орталық Азия және ЕАЭО елдерінің астаналары ішінде Алматы мен Астанадағы өмір сүру Мәскеуге қарағанда арзан. Мәскеу 230-орынға (45,2 балл) тұрақтаса, Ереван 257-орынға (41,5 балл) жайғасқан. Көрсеткіштер бойынша Қазақстанның қос астанасы көршілермен деңгейлес: Бішкек (26,8 балл), Ташкент (26,2 балл) және Минск (26,4 балл), – делінген хабарламада.

 

ЕҢ АРЗАН ҚАЛАЛАР Өмір сүру ең арзан саналатын елдер – Үндістан мен Пәкістан. Ең қолжетімді ондыққа Үндістанның алты, Пәкістанның үш және Ливияның бір қаласы кірген.

Ұқсас жазбалар