HomeЖаңалықКентауда Президент Жолдауын талқылау жиыны өтті

Кентауда Президент Жолдауын талқылау жиыны өтті

Кентауда Президенттің Жолдауын талқылау жиыны өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша Кентау қаласы әкімдігінде алқалы жиын өтті.

 

Жиынға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова төрағалық етті. Басқосуға зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

 

Шара барысында сөз алған қатысушылар Президент Жолдауында айтылған негізгі бағыттарға тоқталды. Әсіресе жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту, білім беру жүйесін жетілдіру, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері жан-жақты талқыланды.

 

Қорытынды сөзінде Ақнұр Байболова Мемлекет басшысы айқындап берген басым бағыттарды жүзеге асыруда әрбір мекеме мен азаматтың белсенділігі маңызды екенін атап өтті.

 

Ұқсас жазбалар