HomeҚоғамКентауда жаңа аллея ашылады

Кентауда жаңа аллея ашылады

Кентау қаласында жаңа аллеяның құрылысы жүруде, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Биыл Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілмек. Осы айтулы оқиға аясында қаланың дамуына елеулі еңбек сіңірген кенші ардагер, қаланың құрметті азаматы Сақ Мәуленқұловқа арналған жаңа аллея салынуда.

 

Аталған нысанның құрылыс барысымен қала әкімі Жандос Тасов арнайы барып танысты. Қала әкімі мерейтой қарсаңында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың сапасы жоғары деңгейде атқарылуы қажет екенін атап өтті.

 

Жоспарға сәйкес аллея аумағында кенші ардагердің есімі жазылған арка орнатылады. Сондай-ақ Сақ Мәуленқұловтың еңбегін айшықтайтын мүсін, тұрғындардың тынығып, серуендеуіне қолайлы орындықтар мен заманауи жарық шамдар қойылады. Бұл жоба қала тұрғындары мен қонақтары үшін мәдени-демалыс орнына айналмақ.

 

— Кентау қаласының тарихы кеншілер еңбегімен тығыз байланысты. Ардагерлердің үлесі мен еңбегін бағалау, кейінгі ұрпаққа өнеге. Сондықтан аллея құрылысы сапалы әрі уақтылы аяқталуы тиіс. Жауапты бөлім басшылары нысанды тұрақты бақылауда ұстауы қажет, – деді қала әкімі Жандос Тасов.

 

Жаңа аллеяның пайдалануға берілуі Кентау қаласының мерейтойына орай өткізілетін игі шаралардың біріне айналып, қала тұрғындары үшін ерекше сый болмақ.

 

 

 

Ұқсас жазбалар