HomeТуризмТүркістанда «Қолөнершілер қалашығы» кешені ашылады

Түркістанда «Қолөнершілер қалашығы» кешені ашылады

Түркістан қаласында «Қолөнершілер қалашығы» кешені ашылады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласында кезекті нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Қыркүйек айында қолданысқа берілетін «Қолөнершілер қалашығы» кешенінің жалпы аумағы — 2,3 гектар. Туристік және мәдени бағыттағы бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады. Онда 20 шеберхана, 2 шоурум, көрме залы, мейрамхана, қонақүй және өзге де қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған. Сонымен қатар, өңірлік ерекшеліктер мен тұтынушылар сұранысына орай арнайы брендтік каталог әзірленіп, соның негізінде ұлттық кәдесыйлар нарыққа шығарылатын болады.

 

«Қолөнершілер қалашығы» қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін дәріптеп, отандық және шетелдік туристер үшін тартымды мәдени орталыққа айналмақ. Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы нысан құрылысымен танысып, жауапты сала мамандарына құрылыс сапасы мен мерзімін қатаң сақтау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Айта кетейік, биыл ақпан айында Түркістан қаласына «World Craft Council» халықаралық ұйымының шешімімен және Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің келісімімен Түркістан қаласына «Қолөнершілер қаласы» мәртебесі берілген болатын. Маңызды мәртебе аясында қыркүйектің 26-28 күндері халықаралық деңгейдегі– «Түркістан – қолөнешілер қаласы» халықаралық фестивалі өтеді деп күтілуде.

 

 

 

Ұқсас жазбалар