Түркістанда ең ірі мәдени оқиға – Taiqazan Fest 2025 өтеді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
14 қыркүйек күні Түркістандағы Есу арнасында өтетін бұл фестиваль спорт, музыка, гастрономия және ұлттық өнерді бір арнаға тоғыстырады.
Қонақтарды түрлі аймақтар күтеді:
– Су спорты жарыстары мен көрсетілімдері
– Ұлттық тағамдар мен street food ұсынылған гастрофест
– Қазақ шеберлерінің туындылары қойылған қолөнершілер жәрмеңкесі
– Балаларға арналған ойын-сауық аймағы
– Әлемдік және қазақстандық әртістердің қатысуымен үлкен концерттік шоу
Кешкілік аспанды ерекше әсерге толы лазерлік инсталляциялар, жарық шоулары мен отшашу жарқыратады.
Күні: 14 қыркүйек
Өтетін орны: Түркістан, Есу арнасы