HomeТуризм«TURKISTAN WATER FEST & SKY LIGHTS» фестивалі өтеді

«TURKISTAN WATER FEST & SKY LIGHTS» фестивалі өтеді

Түркістан қаласындағы жаңа есу арнасының ашылу салтанатына орай ауқымды мәдени-спорттық іс-шара өтеді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

14 қыркүйек күні Түркістан қаласындағы жаңа есу арнасының ашылу салтанатына орай ауқымды мәдени-спорттық шара – «TURKISTAN WATER FEST & SKY LIGHTS» фестивалі өтеді.

 

Іс-шара аясында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған түрлі бағдарламалар ұсынылады:

  • ойындар алаңы
  • балаларға арналған арнайы алаң
  • спорттық жарыстар
  • әуе шарлары
  • фонтан шоу
  • лазерлік шоу
  • от шоу

 

Сонымен қатар, фестиваль бағдарламасында «Taiqazan GastroFest» аясында түрлі ұлттық және әлемдік тағамдар ұсынылып, қонақтар ерекше гастрономиялық саяхатқа аттанады.

 

Шараның басты ерекшеліктерінің бірі – жасырын қонақ ретінде әлемдік деңгейдегі жұлдыздың арнайы келуі.

 

Барша қала тұрғындары мен қонақтарын ашық аспан астында өтетін бұл мерекелік шараға белсенді қатысуға шақырамыз!

 

Өтетін орны: Түркістан қаласы, Есу арнасы

Уақыты: 14 қыркүйек 2025 жыл

 

Қосымша ақпарат пен жаңалықтар үшін @taiqazan.fest парақшасына жазылыңыз.

 

 

Ұқсас жазбалар