HomeСпортБиыл Қазақстанда бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны 300 мыңға көбейді

Биыл Қазақстанда бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны 300 мыңға көбейді

Биыл Қазақстанда бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны 300 мыңға өсті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев отандық спортты қолдау мен спортшыларға жағдай жасауды тұрақты назарда ұстап келеді. Президенттің бастамалары негізінде елімізде бұқаралық және балалар спорты қарқынды дамып жатыр.

 

Өткен жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 8,5 миллионға жуық адам айналысады. Бұл – жалпы халықтың 41,4%-ы. Оның ішінде:
* 6 021 117 адам (72%) – ерлер;
* 2 385 096 адам (28%) – әйелдер;
* 3 миллионға жуық адам ауылдық жерлерде спортпен тұрақты шұғылданады.

 

Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 300 мыңнан астам адамға артқан. Министрліктің негізгі мақсаты – 2029 жылға қарай спортпен шұғылданушылар үлесін 50%-ға жеткізу.

 

Балалар спорты – басты басымдықтардың бірі. Биыл мемлекеттік спорт тапсырысын орындау үшін жергілікті бюджеттен 50 млрд теңге бөлініп, 7 мыңнан астам спорт секциясы ашылды. Соның нәтижесінде 240 мыңнан астам бала тегін спорттық үйірмелерге қатысу мүмкіндігіне ие болды.

 

Сонымен қатар, республика бойынша 912 жасөспірімдер клубы жұмыс істеп, 298 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді спортпен қамтып отыр.

 

Бұл бағдарламаларға деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан жергілікті атқарушы органдардың міндеті – спортты дамытуға арналған қаржыландыруды барынша қамтамасыз ету.

 

Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту – халықтың денсаулығын нығайтудың, салауатты өмір салтын қалыптастырудың және жас ұрпақты тәрбиелеудің басты тетігі.

Ұқсас жазбалар